Аметов А. 1943 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданы «Ынталы» ауылында дүниеге келген. 1967 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің биология факультетіне «ботаника» мамандығы бойынша бітірген. 1968-1971 жж. ҚазМУ-дің ботаника кафедрасының аспиранты. 1974 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған. Аметов А. 1981 жылдан педагогикалық қызметте, алғашқыда ассистент, содан соң аға оқытушы болған, ал 1988 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін доцент қызметін атқарады. Қазіргі уақытта Аметов А. «Өсімдіктердің алуантүрлілігі», «Биотехнология» мамандығының студенттеріне «Ботаника» секілді жалпы курстардан дәрістер оқиды. «Биология-педагогика» мамандығының студенттеріне «Өсімдіктер экологиясы», «Экология» мамандығының студенттеріне «Биоиндикациялық зерттеулердің әдістері», «Улы өсімдіктер», «Рудеральды өсімдіктер», «Сирек кездесетін эндемдік және реликті өсімдіктер» курстарынан дәрістер оқиды. Магистратурада оқитын студенттерге «Қазақстанның жабайы және пайдалы өсімдіктері», «Жергілікті флора», «Өсімдіктер географиясы», «Шөлді және далалық өсімдіктер жабыны», «Бриология» және PhD- докторанттарға «Биогеоценология» курстарынан сабақ жүргізеді. Жыл сайын 1-ші және 2-ші курс студенттерімен оқу-дала практикасына шығады. Аметов А. 150-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 1 монография, 6 оқулық, 3 оқу құралы, 2 «Өсімдіктер систематикасы» бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) тестік тапсырмалар жарық көрді. А. Аметов жетекшілігімен 1 кандидаттық диссертация қорғалды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1967

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
17.07.1974

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
13.12.1990
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

6

Цитирования
48 по 31

құжаттар

h-индексі

4